• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады

40 рет
көрсетілді

Ел тұрғындары 22 сәуірге қараған түні ерекше астрономиялық құбылысты –Лирида жұлдыздар жауынын тамашалай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астрофизиктер бұл құбылысты ең белсенді кезеңінде бақылауға болатынын айтады. Лирида – көктемдегі ең көрнекті метеорлық жауындардың бірі.

Ғалымдардың мәліметінше, 22 сәуір күні шамамен Астана уақытымен 01:00-де метеор ағынының пик кезеңі болады. Бұл уақытта сағатына 18–23-ке дейін «аққан жұлдызды» көруге болады.

Мамандардың айтуынша, метеор ағынының радианты Лира шоқжұлдызы бағытында орналасқан және ол жарқыраған Вега жұлдызы маңынан байқалады. Лириданың белсенділік кезеңі 14 сәуірден 30 сәуірге дейін жалғасады.

Мамандар бұл құбылысты жақсы көру үшін қала жарығынан алыс, аспаны ашық жерге шығу керектігін айтады.  Ай жарығы айтарлықтай кедергі келтірмейді, сондықтан бақылау жағдайы қолайлы болмақ.

Сондай-ақ, ең қолайлы уақыт – түннің екінші жартысы, таңға жақын мезгіл. Бұл кезде метеорларды анық көруге болады.

Айта кетейік, Лирида жұлдыз жауыны – адамзат 2600 жылдан астам уақыттан бері бақылап келе жатқан ең көне астрономиялық құбылыстардың бірі. Оның себебі – 1861 жылы ашылған үлкен комета қалдырған шаң-тозаң ізі. Жер сол орбиталық ізден жыл сайын сәуір айында өтіп, аспанда «жұлдыз жауынын» тудырады.

Соңғы жаңалықтар