• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 20:15

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты

10 рет
көрсетілді

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала көз жұмды. Қайғылы жағдай Н.Тлендиев көшесі, 44А мекенжайындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келгенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оның алған жарақаттары ауыр екенін хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері мұндай екі жағдай тіркелген, оның біреуі өліммен аяқталған. Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғалар көбіне 1 мен 6 жас аралығындағы балалар арасында болады. Негізгі себептер – ата-аналардың қарауынсыз қалдыру, терезелерде қорғаныс құралдарының болмауы және москит торларына шамадан тыс сену.

Еске салайық, 20 сәуір күні Астанада 18 жастағы жігіт тұрғын үй кешенінің шатырына шығып, секірмек болған. Оқиға орнына арнайы қызметтер мен психологтар келіп, оны аман алып қалды.

 

Соңғы жаңалықтар