Қазақстанда тұрғын үйді жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет есебінен жабу бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. Жаңа ережелердің мақсаты – заңсыз қосалқы жалдау мен жалған тұру фактілеріне тосқауыл қою, деп хабарлайды Egemen.kz.
2022 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл бағдарлама жыл сайын 10 мыңға жуық отбасыға қолдау көрсетіп келеді. Алайда, 12 шілдеден бастап талаптар айтарлықтай қатаңдатылады.
Кімдер қатыса алады?Субсидия алу құқығы тек төрт санаттағы азаматтарға беріледі:
Көпбалалы отбасылар; Жетім балалар; І және ІІ топтағы мүгедектігі бар жандар; Мүгедектігі бар бала асырап отырған отбасылар.Басты талап – отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (2026 жылы – 50 851 теңге) аспауы тиіс. Мысалы, 5 адамнан тұратын отбасының айлық табысы 254,2 мың теңгеден жоғары болмауы керек.
Тұрғын үй кезегіндегі түйткіл реттеліп келеді
12 шілдеден бастап не өзгереді?Өтінім беруден бастап, тексеруге дейінгі барлық процесс онлайн форматқа көшеді. Мәліметтер мемлекеттік базалар арқылы автоматты түрде тексеріліп, әрбір әрекет жүйеде тіркеледі.
Сондай-ақ әкімдік өкілдері әр тоқсан сайын пәтерлерді аралап, тексеру жүргізе алады. Олар:
Субсидия алушының сол мекенжайда нақты тұрып жатқанын; Пәтерде бөгде адамдардың жоқтығын; Ережеге қайшы әрекеттердің орын алмауын бақылайды.Айта кетейік, егер пәтерде бөгде адамдар тұрып жатқаны анықталса, жағдайды түзетуге 3 күн уақыт беріледі. Егер бұзушылық жойылмаса немесе қайталанса – субсидия төлеу тоқтатылады және бағдарламаға қайта қатысу құқығынан айырылады.
Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйді бөлу уақытша тоқтатылды
Бұрынғыша жақын туыстардан, жұбайынан (тіпті бұрынғы жұбайынан да) пәтер жалдауға болмайды. Енді мұндай факт анықталса, көмек дереу тоқтатылып, оны қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Бағдарламаның операторы – «Отбасы банк». Өтінімдер кез келген уақытта otbasybank.kz сайты арқылы қабылданады. Келісімшарт үш тарап (банк, жалға алушы және үй иесі) арасында жасалады.
Жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылады