• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:20

Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек

30 рет
көрсетілді

Елімізде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көрсетілетін көмекті жетілдіру мәселесі Үкімет деңгейінде қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, тиісті министрлікке нақты тапсырмалар жүктеді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Премьер-министр ерекше балаларды сүйемелдеу жүйесінде бірқатар түйткіл бар екенін ашық айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиялардың жұмысы толық жүктемені көтере алмай отыр. 

«Психологиялық-медициналық педагогикалық комиссия мұқтаж балаларды түгел кешенді тексеруден өткізіп үлгере алмай жатыр. Ұзын кезек бірнеше айға дейін созылып кетіп отыр. 

Арнайы мамандар – яғни логопедтер, сурдологтар, реабилитологтар жетіспейді. Педагогтерде ерекше балалармен және ересектермен жұмыс істеу дағдысы толық қалыптаспаған.

Мысалы, мұғалімдердің барлығы бірдей ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен қалай тиімді қарым-қатынас орнату керектігін біле қоймайды. Оны азаматтардың көптеген өтініштерінен байқауға болады», деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр атап өткендей, кадр тапшылығы мен әдістемелік дайындықтың әлсіздігі ерекше білімді қажет ететін балаларға сапалы қолдау көрсетуге кедергі келтіріп отыр. Осыған байланысты Үкімет жүйелі шаралар қабылдауға ниетті.

Атап айтқанда, Оқу-ағарту министрлігіне мұғалімдерге арналған арнайы оқыту курстарын тұрақты түрде ұйымдастыру тапсырылды. Бұл курстар педагогтердің ерекше балалармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталмақ.

Сонымен бірге 1 қыркүйекке дейін инклюзивті білім берудің сапалы жаңа моделін енгізу міндеті қойылды. Жаңа тәсіл аясында кадрлармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру, сондай-ақ қолдау қызметтерін күшейту көзделген.

Алматыдағы жеке оңалту орталығында ерекше балаларды ұрып-соққан

Соңғы жаңалықтар