Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT желісі жақын апталарда іске қосылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімінің айтуынша, жобаның ресми ашылу күні әзірге нақты бекітілмеген. Дегенмен іске қосу алдында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған қысқа пресс-тур өткізу жоспарланған.
Ел күткен LRT
«Біз 2-3 апта ішінде LRT-ны іске қосамыз деп үміттенеміз», деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ ол жеңіл рельсті көлік бойынша барлық сынақ жұмыстары сәтті өткенін атап өтті.
LRT желісінде 15 пойыз қатынайды
Еске салайық, аталған жоба елордадағы көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі саналады.