Қостанай облысында атом электр станциясын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Агенттік төрағасының айтуынша, елдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында кемінде үш, ал перспективада төрт атом электр станциясын салу жоспарланып отыр.
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
«Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға арналған бірнеше ерекше алаң бар. Оның ішінде Балқаш маңы, Курчатов және Батыс Қазақстан өңірлері бар. Сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қостанай облысы да қарастырылуы мүмкін», деді А. Сәтқалиев.
Агенттік басшысы бұл өңірлерде энергетикалық теңгерім, экологиялық және сейсмикалық қауіпсіздік талаптары ескерілетінін атап өтті. Оның айтуынша, Қостанай облысы шамамен 20-30 жылдық перспективада ықтимал алаң болуы мүмкін.
Париждегі саммит: Әлем елдерінің атом саласындағы ынтымақтастығы нығая береді
Айта кетейік, Қазақстанда алдағы жылдары кемінде үш атом электр станциясын іске қосу жоспарланған, сондай-ақ төртінші станцияны салу мүмкіндігі де қарастырылып отыр.