• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Бүгін, 11:40

Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін

100 рет
көрсетілді

Қазақстанда екінші атом электр станциясын салу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жаңа нысан Балқаш көлі маңында орналасуы ықтимал. Бұл туралы Ақорда кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алмасадам Сәтқалиевтың айтуынша, екінші атом электр станциясының жұмыс атауы «Мойынқұм» деп аталады. Екі энергоблоктан тұрады деп жоспарланған жобаның әрқайсысы 2200 мегаватты қуатты құрайды.

Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды

«Екінші станция бойынша шешім бар. Ол да Балқаш маңында салынады. Қазіргі таңда үш перспективті алаң зерттеліп жатыр. Қорытындысы бойынша нақты орнын хабарлаймыз», деді Сәтқалиев.

Сонымен қатар агенттік төрағасы жобаға халықаралық серіктестерді тарту мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта әлеуетті вендорларды анықтау бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұған дейін Қытай компаниялары негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылғаны айтылған.

Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады

Айта кетейік, Қазақстан 2060 жылға дейін кемінде үш атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар