• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:12

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді

50 рет
көрсетілді

Үкімет кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қоғамда қызу талқыланып жатқан ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру туралы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин ең төменгі жалақы мөлшерін 150 мың теңгеге жеткізу міндеті тұрғанын айтқан болатын. Бұл ақпарат халық арасында үлкен үміт пен түрлі сауалдар туғызды.

Асқарбек Ертаев бұл бағытта нақты жоспар бар екенін, бірақ соңғы шешім әлі қабылданбағанын жеткізді.

«Қазіргі 85 мың теңгеден көтеру жағын Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп нақты жоспарға белгілеп қойдық. Оның өз мерзімі бар. Қазір талқылау жүріп жатыр. Біздің өз есептеріміз дайын, пысықтау кезінде ұсыныстарымызды береміз», деді Еңбек министрі.

Табыс теңгерімі: Жалақы мен баға арақатынасы

Министр жалақының нақты қанша теңгеге өсетінін нақты айтпады. Себебі, бұл шешім тек әлеуметтік қана емес, елдің макроэкономикалық жағдайына, инфляция деңгейіне және бюджет мүмкіндігіне тікелей байланысты.

Елімізде орташа жалақы мөлшері қанша теңге?

Соңғы жаңалықтар