• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 09:28

АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты

40 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында жасөспірімдер арасындағы жанжал атысқа ұласып, салдарынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиға мектеп іргесіндегі саябақта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, Уинстон-Салем қаласындағы Лейнбах саябағына мектеп оқушылары жиналған. Жасөспірімдер арасындағы төбелес кенеттен атысқа ұласып, қайғылы жағдаймен аяқталды.

АҚШ-тың Луизиана штатында болған атыстан 8 бала көз жұмды

Атыс салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бірнешеуі түрлі деңгейдегі оқ жарақаттарын алған. Тәртіп сақшылары келген сәтте саябақта оқиғаға қатысы бар бірнеше адам, соның ішінде құрбандар мен күдіктілер болған.

«Қатысушылардың саны көп болғандықтан, барлық зардап шеккендердің орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың кейбірі кәмелетке толмаған жасөспірімдер екені белгілі болды», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Түркияда оқушы мектепте атыс шығарды: 16 адам зардап шекті

Соңғы жаңалықтар