Атырау облысында жыл басынан бері жалпы аумағы 5,1 мың гектар болатын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл – өңірде пайдаланылмай жатқан жерлерді тиімді игеру бағытындағы жұмыстың нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, қайтарылған жердің 4,5 мың гектары жайылымдық алқап, ал 0,6 мың гектары өзге мақсаттағы учаскелерге тиесілі. Қазір өңірде игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта 40 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару көзделген. Сонымен қатар жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін учаскелерді қайта бөлу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.
Павлодарда құны 100 млн теңге тұратын жер мемлекетке қайтарылды
Басқарманың бөлім басшысы Назкен Утешованың айтуынша, конкурс арқылы жалпы көлемі 11,9 мың гектар болатын 32 жер учаскесі, ал аукцион арқылы 9,1 гектарды құрайтын 7 учаске берілген.
Мамандар бұл шаралар жерді ұтымды пайдалануға жол ашып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін береді деп отыр.
Жетісуда 603 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды