Қазақстанда әскери қызметшілерге арналған ақшалай қамсыздандыру және өзге де төлемдерді төлеу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі тиісті бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжатқа сәйкес, әскери қызметшілерге төленетін ақшалай қамсыздандыру ай сайын берілетін негізгі материалдық төлем болып саналады.
Келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер үшін бұл төлемге лауазымдық жалақы, әскери атағы бойынша жалақы, сондай-ақ заңнамада көзделген үстемақылар мен қосымша төлемдер кіреді.
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Ал мерзімді әскери қызметшілер, кадеттер мен курсанттар үшін тек лауазымдық жалақы қарастырылған.
Жаңа тәртіп әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыз етілу жүйесін нақтылап, төлемдердің ашықтығын арттыруға бағытталған.