Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол жөндеу жұмыстарының басталатынын хабарлады. Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 20-25 сәуір аралығында Ақан сері көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шектеу Ақан сері көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан бастап Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейінгі аралығын қамтиды. Жөндеу кезінде көлік қозғалысы екі бағытта да кезең-кезеңімен (бір жағынан) ұйымдастырылатын болады.
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қалалық басқарма жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруді ескертеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған аумақта уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді