• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:26

Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген

40 рет
көрсетілді

Ростов қаласындағы цирк қойылымы кезінде жыртқыш аң темір тордан асып, көрермендер отырған залға секіріп кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін полиция тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Ростовтағы цирктердің бірінде гастрольдік қойылым барысында болған. БАҚ-та жарияланған бейнежазбалардан жолбарыстың өнер көрсету сәтінде қоршау ретінде қойылған металл тордан секіріп, адамдар отырған аймаққа шығып кеткенін көруге болады.

Ростов облысы бойынша полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Алматы зообағында Амур жолбарысы күшіктеді

Құзырлы органдардың хабарлауынша, жануарлар кейін бірден торларға қайта қамалған, зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар