Мароккода өтіп жатқан ИКАО GISS-2026 жаһандық симпозиумы аясында Қазақстан мен Үндістан азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Кездесуде тараптар жаңа рейстер ашу, әуе рейсі жиілігін арттыру мәселеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі таңда екі ел арасында тұрақты әуе рейстері жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Дели бағыты бойынша аптасына 13 рейс, Алматы – Мумбай бағыты бойынша аптасына 3 рейс орындайды.
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Тараптар қолданыстағы құқықтық база әуе қатынасын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа бағыттар ашу және рейстер санын арттыру жоспарлары қарастырылды.
FlyArystan Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға рейстерді тоқтатты
Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның пікірінше, әуе қатынасының кеңеюі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Нұрболат АМАНБЕК