• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:51

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады

20 рет
көрсетілді

«Қыз Жібек» фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Меруерт Өтекешова камзол дауына қатысты пікір білдірді. Ол Баян Алагөзованың қолындағы камзолдың түпнұсқа екенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 75 жасқа толған актриса журналист Гүлбану Әбеноваға фильмнің көптеген реквизиттері мен костюмдері жан-жаққа тарап кеткенін айтқан. Ол музейде сақталған жалғыз ғана нұсқа барын, бірақ оған дұрыс күтім жасалмай отырғанын жеткізген.

Баян Мақсатқызының қолындағы камзол бұған дейін біреудің үйінде сандықта жатқан.

Меруерт Өтекешова камзол қайда сақталуы керек деген сауалға өз пікірін білдіргісі келмеген. Камзол төңірегіндегі әңгіменің тым көбейіп кеткені актрисаға аса ұнай қоймаған.

«Қазір актрисаның пікірінше, әңгіме ең алдымен өзі туралы айтылуы керек. Себебі осы фильмде ойнағандардың ішінен тірі қалған жалғыз өзі екенін айтты», деп жазды Г.Әбенова Facebook парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар