Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бірқатар көшенің қиылысында орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жөндеу жұмысы мына көшелердің қиылысында жүргізіледі:– Республика даңғылы мен А. Иманов көшесі;– Республика даңғылы мен Кенесары көшесі;– Республика даңғылы мен Абай даңғылы.
Алты аймақта жол жабылады
Осыған байланысты 19-21 сәуір аралығында аталған учаскелерде қозғалыс ішінара жабылады.
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.