Желіде «Алтын-Емел» ұлттық паркінде жүрген қар барысының видеосы тарады. Бейнеролик ұйымның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парк қызметкері, мемлекеттік инспектор Ерлан Молдахметов жоспарлы тексеру кезінде қар барысын видеоға түсіріп алған.
«Бұл − сирек әрі аса құнды кадрлардың бірі. Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысының табиғи ортада еркін тіршілік етуі экожүйенің тұрақтылығы мен сақталуының маңызды көрсеткіші болып саналады», делінген жазбада.
«Алтын-Емел» − Жетісу облысындағы ірі мемлекеттік ұлттық табиғи парк, елдегі ең танымал туристік нысандардың бірі. Мұнда шөлдер, тау жоталары, шатқалдар мен далалар сияқты алуан түрлі ландшафттар бар.
Алматы облысында қар барысының ізі анықталды
Парк өзінің ерекше табиғатымен және сирек жануарларымен танымал. Олардың қатарында құлан, қарақұйрық және Қызыл кітапқа енгізілген басқа да түрлер кездеседі.
Катон-Қарағай ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсті