• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:26

Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды

30 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар қаласындағы ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық жасағына барды. Онда 14 жыл пайдаланылған нысанда алғаш рет жүргізілген реновация жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство басшысы авиацияны дамыту ТЖМ қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Авиациялық жасақтар төтенше жағдайларға ден қою жүйесінде ерекше рөл атқарып, құтқару операцияларының жеделдігін, ұтқырлығын және тиімділігін қамтамасыз етеді.

Жаңғырту авиациялық инфрақұрылымды пайдаланудың заманауи талаптарын ескере отырып жүргізілді. Жаңарту барысында бірқатар жұмыс кешені атқарылды, ішкі үй-жайлар жөнделіп, жарықтандыру жүйелері мен электр жабдықтары жаңғыртылды, құрылыс конструкциялары қалпына келтірілді, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылу қамтамасыз етілді.

Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Жүргізілген іс-шаралар нысанның пайдалану сипаттамаларын едәуір жақсартуға және қызметкерлер үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Мұнда жыл бойы ұшуға тұрақты дайындықта тұратын ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшағы орналасқан. Ол төтенше жағдайларды жою кезінде, соның ішінде жетуі қиын аудандарда, сондай-ақ санитариялық авиация желісі бойынша ұшуларды орындау үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ ұшу және инженерлік-авиациялық құрам қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқарып, авиациялық техниканың тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын болуын қамтамасыз етеді. Ангар әуе кемесін сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жууға, сондай-ақ жабдықтар мен персоналдың жұмыс орындарын орналастыруға арналған. Сондай-ақ Павлодар қаласы әуежайын реконструкциялау аясында ауыр класты МИ-8 тікұшағына арналған авиациялық ангар салу үшін бөлінген жер учаскесі қаралды.

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады

Соңғы жаңалықтар