• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:19

Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді

30 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері Алматы қаласы мен 14 облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Көкшетауда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Алматыда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктері) түнде және таңертең тұман болады. Жел кей уақытта 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарда тұман болады. Таулы аудандарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде солтүстігінде, тау бөктерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Қонаевта күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Абай облысында жел күшейеді, күндіз оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Атырауда күндіз жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-18 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с болады. Оралда күндіз найзағай соғады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады. Алакөл көлдері ауданында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде солтүстігінде, батысында, орталығында -3°C-қа дейін үсік күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде -1...-3°C үсік болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Шаңды дауыл болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-18 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда жел 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда тұман болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде солтүстігінде және таулы аймақтарда -2°C үсік күтіледі. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Еске салайық, 18 сәуірде бірнеше өңірде үсік жүріп, дауыл болған еді.

Соңғы жаңалықтар