Ғалымдардың болжауынша, геомагниттік толқулардың ең белсенді кезеңі алғашқы екі тәулікке созылмақ. 18 сәуір күні Жер бетінде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мамандардың мәліметінше, қазіргі толқу деңгейі – G1, яғни бес балдық шкала бойынша ең төменгі көрсеткіш. Дегенмен, геомагниттік жағдайдың тұрақсыздығы бес күннен жеті күнге дейін созылуы мүмкін.
Ең белсенді кезең: Алғашқы 1-2 күн (демалыс күндері). Геомагниттік индекс мезгіл-мезгіл G2 (орташа дауыл) деңгейіне дейін көтерілуі ықтимал. Бұдан жоғары көрсеткіштердің болу мүмкіндігі төмен.
Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?
Айта кетейік, бұл – сәуір айындағы екінші магниттік дауыл. Осы айдың басында болған алғашқы толқу G3 деңгейіне жуықтаған болатын. Жалпы, 2026 жыл геомагниттік ауытқуларға өте бай болады деп күтіледі.