• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 09:24

«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды

30 рет
көрсетілді

«Атырау» футбол клубын коммерцияландыру процедурасы ресми түрде аяқталып, тараптар тиісті меморандумға қол қойды. Ашық конкурста белгілі кәсіпкер, мұнай өндіру, теміржол тасымалы және логистика саласындағы компаниялардың иесі Болат Қонарбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Клубтың болашағы үшін салынбақ инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеге жуықтайды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов инвестормен кездесу барысында бұл қадамның маңыздылығына тоқталды.

«Бүгін біз өңірлік спортты дамытудағы маңызды бір кезеңді қорытындылап отырмыз. «Атырау» футбол клубы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кәсіби спортқа жеке инвестиция тарту туралы тікелей тапсырмасы негізінде ресми түрде коммерциялық негізде жұмыс істеуге көшті. Бұл шешім – басқарудың жаңа моделіне жасалған қадам. «Атырау» ФК – мұнайлы астананың мақтанышы және солай болып қала бермек. Жеке капиталдың келуі клубтың дамуына жаңа серпін беріп, адал жанкүйерлердің сүйіспеншілігі мен сенімін сақтай отырып, оны бәсекеге қабілетті етеріне сенімдіміз», деді Серік Шәпкенов.

Жаңа басшылық клубты жай ғана бизнес емес, әлеуметтік жауапкершілік деп санайды. Алдағы үш жылда клуб академиясындағы шәкірттер санын 1 000 балаға дейін арттыру жоспарланған. Сондай-ақ футбол орталығының филиалдары облыстың барлық аудандарында ашылмақ.

«Тобыл» футбол клубы атауын толық қазақшалады

Клубтың даму стратегиясында талантты балаларды қолдау басты орынға ие. Жаңа басшылық жүйелі селекциялық жұмыстар арқылы қабілетті жасөспірімдерді іріктеуге мүдделі. Ең бастысы – команданың негізгі құрамы алдағы уақытта жергілікті және отандық футбол мектебінің түлектерінен жасақталады деп күтіледі.

Бизнесмен «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды

Жекешелендіру шартының маңызды тармақтарының бірі – әйелдер футболын дамыту. Енді «Атырау» футбол клубының құрамында кәсіби әйелдер командасы пайда болады. Олар Қазақстан Республикасының біріншілігінде тұрақты түрде өнер көрсетіп, өңір намысын қорғайтын болады.

Инвестордың жеке қаражаты есебінен Атырауда заманауи футбол академиясы бой көтереді. Бұл тек жаттығу алаңы емес, спортшыларға арналған жатақханасы мен барлық қажетті жағдайы жасалған толыққанды спорттық кешен болмақ.

Тимур Турлов «Шахтёр» футбол клубын сатып алды

Бұған дейін «Қайсардың» инвесторы – «TAU Group Ltd» өкілі Исламғали Қозбақов, «Қызылжардың» жаңа иесі – кәсіпкер Сергей Кан, «Жеңіс» клубының инвесторы – кәсіпкер Михаил Ломтадзе болғаны мәлім болды.

«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке сатылды

Соңғы жаңалықтар