• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Бүгін, 20:30

Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады

30 рет
көрсетілді

Алматыда алдағы төрт жыл ішінде жаңа ірі жобалар жүзеге асып, қалада каналдар мен жағалауы бар ерекше аймақ – «алматылық Венеция» салынады. Сонымен қатар океанариум мен су үстіндегі бақ сияқты заманауи нысандар бой көтермек, деп хабарлайды Egemen.kz.

2030 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес, Алматы бір орталыққа ғана тәуелді болмай, бірнеше белсенді ауданнан тұратын полицентрлік қалаға айналады. Жалпы бес негізгі орталық қалыптасады: «Шығыс қақпасы», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-Батыс» және «Батыс». Алғашқы кезекте «Шығыс қақпасы» мен «Батыс» бағыттары қарқынды дамытылады.

Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды

«Шығыс қақпасы» ауданы әуежай маңында орналасып, жаңа іскерлік әрі туристік орталыққа айналады. Дәл осы жерде каналдары мен ерекше жағалауы бар «алматылық Венеция» салынады. Бұдан бөлек, EXPO орталығы, стадион, океанариумы бар сауда орталығы, театр және ойын-сауық кешендері, сондай-ақ ірі саябақтар мен демалыс орындары жоспарланған.

Ал «Батыс» аймағы өндіріс пен тұрғын үйді қатар дамытатын заманауи аудан болмақ. Мұнда су арналары мен жасанды көлдері бар Water Garden кешені, жаңа Алматы-3 вокзалы, LRT желілері, үлкен саябақтар, жаяу жүргіншілер мен гастро көшелері, спорт нысандары салынады.

Сонымен қатар қаладағы бірқатар маңызды нысандар жаңартылмақ. Олардың қатарында цирк, зоопарк, Республика сарайы, театрлар мен ірі спорт кешендері бар.

Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті

Жалпы алғанда, бұл жобалар Алматыны заманауи, ыңғайлы әрі туристер үшін тартымды мегаполиске айналдыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар