• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:32

Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады

30 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында жалпы құны 450 миллион теңгені құрайтын үш экопарк салынады. Жобаларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың мәлімдеуінше, экопарктердің құрылысы жасыл аймақтардың көлемін ұлғайтуға, заманауи қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыруға және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған.

Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Аталған экопарктер келесі аумақтарда орналастырылады:

«Березовая роща» – Өскемен қаласында (21,4 га); «Жасыл аймақ» – Ұлан ауданында (25 га); «Горная Ульбинка» – Глубокое ауданында (40 га).

Шығыс Қазақстан облысында бір мезетте 5 мыңнан астам домбырашы «Ақбұлақ» әнін орындады

Сонымен қатар, мұндай экопарктерді облыстың басқа да елді мекендерінде кезең-кезеңімен салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар