• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:06

Емханаларда тегін берілетін дәрілер дәріханаларда заңсыз сатылған

50 рет
көрсетілді

Қазақстанда тегін медициналық көмек аясында берілген дәрі-дәрмектердің дәріханаларда сатылғаны анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл фактілер бойынша материалдарды Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолдады. Қосымша тексерістер жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Ведомство мәліметінше, дәрілік заттардың айналымы 2024 жылғы 1 шілдеден бастап таңбалау жүйесі арқылы талданған. Мониторинг нәтижесінде ел аумағындағы дәріханаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде берілетін 4114 дәрінің сатылғаны анықталды.

Министрлік 74 нысанға жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Соның нәтижесінде 31 ұйымға 12,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, ал 43 компанияға заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады ма? Министрлік мониторинг деректерін жариялады

Тексеру барысында пациенттерге тегін берілген дәрілердің заңсыз айналымға түскені белгілі болды. Кей жағдайларда медициналық ұйымдар арқылы берілген препараттар дәріханаларға қайта өткізілген. Олардың қатарында инфузияға арналған натрий хлориді мен глюкоза ерітінділері, антибиотиктер, созылмалы ауруларды емдеуге арналған дәрілер бар.

«Цифрлық экономиканы дамыту орталығының мәліметіне сәйкес, таңбалау кодтарын пайдалану барысында жүйелі бұзушылықтар тіркелді: 35 537 рет қайта айналымға шығару фактісі, 480 752 жағдайда бір кодтың бірнеше қатысушы тарапынан қолданылуы анықталған. Сондай-ақ 1140 нысан 15 614 кодты қайта айналымнан шығарғаны белгілі болды», делінген хабарламада.

Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі

Соңғы жаңалықтар