• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 17:02

Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді

20 рет
көрсетілді

Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жарыстың күндізгі сессиясында шаршы алаңға шыққан үш боксшымыздың екеуі жарысты қола жүлдемен қорытындыласа, біреуі финалға жолдама алды. 

Кешкі сессияда 80 келіде Надежда Рябец 1/2 финалда үнді боксшысы Пужа Ранимен жұдырықтасып, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Аса ауыр салмақтағы Дина Исламбекова 1/2 финалда өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен қолғап түйістіріп, 5:0 есебімен жеңімпаз атанды. 

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан Моңғолия боксшысына есе жіберді

Ал 65 келіде Ертуған Зейнуллинов Бунджонг Синсиримен айқасып, 3:2 есебімен қарсыласқа есе жіберді. 

Әлем чемпионы, 70 келідегі Төрехан Сабырхан кездесу тағдырын мерзімінен бұрын шешті. Ол Қытай өкілі Пейчанг Уангпен жұдырықтасып, қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші 2-раундта кездесуді тоқтатты.

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов ширек финалда жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар