• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:05

«Алтын доп» – 2026 жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды

20 рет
көрсетілді

The Athletic басылымы 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімде бірқатар күтпеген өзгерістер орын алды – Лионель Месси үздік ондыққа ілікпеді, ал Ламин Ямаль үштікке енді, деп жазады Egemen.kz.

Рейтингте көш басын Мюнхеннің «Бавария»шабуылшысы әрі Англия құрамасының капитаны Харри Кейн иеленді. Одан кейінгі үздік үштіктен мадридтік «Реал» жұлдызы Килиан Мбаппе мен «Барселонаның» жас ойыншысы Ламин Ямаль көрінді.

Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды

Үздік ондық:

Харри Кейн («Бавария») Килиан Мбаппе («Реал») Ламин Ямаль («Барселона») Деклан Райс («Арсенал») Витинья («ПСЖ») Майкл Олисе («Бавария») Педри («Барселона») Усман Дембеле («ПСЖ») Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») Винисиус Жуниор («Реал»)

Ең назар аударарлық жайт – 8 дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси («Интер Майами») бұл жолы үздік ондықтан тыс қалды. Бұған дейін аргентиналық жұлдыз түрлі рейтингтерде тұрақты түрде жоғары орынды иеленіп келген еді.

Ал қазіргі таңда «Алтын доптың» иегері Усман Дембеле («Пари Сен-Жермен») 8-орында тұр. 

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді

«Алтын доп» – 2026 жеңімпазы 2026 жылдың тамыз-қыркүйек айларында анықталады. Ал марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Франция астанасы Париждегі Шатле театрында күз мезгілінде өтеді.

Жаңартылған рейтинг футбол әлемінде бәсекенің күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Жас таланттар алға шығып, тәжірибелі ойыншылармен қатар үздіктер қатарына еніп жатыр. Ал алдағы айларда бұл тізім тағы да өзгеруі әбден мүмкін.

Футболдан әлем чемпионаты финалының билеттері тағы қымбаттады

Соңғы жаңалықтар