• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс Кеше

Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов ширек финалда жеңіске жетті

20 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында жапониялық Тайга Ягимен жұдырықтасты.

Сабыржан үш раунд бойы қарсыласын қыспаққа алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша ол кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан жартылай финалға шықты

Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева (48 келіге дейін) жартылай финалға өткен болатын. Ал Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) жарыс жолын аяқтады.

Үкімет жаңа тұжырымдаманы бекітті: Бокс саласында қандай өзгеріс болады?
Соңғы жаңалықтар