• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:22

Атырау облысында полицейлерге шабуыл жасаған топ ұсталды

30 рет
көрсетілді

Атырау облысында бір топ жас бала қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлерге күш қолданған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында тәртіп сақшылары құқыққа қарсы әрекетті тоқтатқан.

«Оқиға барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне физикалық күш қолданған. Соның салдарынан екі қызметкер зардап шекті», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Билік өкілдеріне күш қолдану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицияда атап өткендей, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы кез келген заңсыз әрекет заңды өрескел бұзу болып саналады және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар