Қазақстанның оңтүстігінде 2 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін сағат 21:13-те тіркеген.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Сезілу деңгейі 2 балл болған.
Жер сілкінісі сезілген өңірлерШымкент қаласы
Түркістан облысы:
Мақтаарал ауданы – Мырзакент кенті, Жетісай ауданы – Жетісай қаласы, Келес ауданы – Абай ауылы, Сарыағаш ауданы – Сарыағаш қаласы, Шардара ауданы – Шардара қаласы, Қазығұрт ауданы – Қазығұрт ауылы, Төлеби ауданы – Ленгер қаласы, Сайрам, Манкент ауылдары, Сайрам ауданы – Ақсукент ауылы, Түлкібас ауданы – Тұрар Рысқұлов ауылы, Арыс қаласы, Ордабасы ауданы – Темірлан ауылы, Отырар ауданы – Шәуілдір ауылы, Бәйдібек ауданы – Шаян ауылы, Түркістан, Кентау қалалары, Сауран ауданы – Шорнақ ауылы, Созақ ауданы – Шолаққорған ауылы.
Жамбыл облысы:
Жуалы ауданы – Бауыржан Момышұлы ауылы, Тараз қаласы, Байзақ ауданы – Сарыкемер ауылы, Жамбыл ауданы – Аса ауылы, Т. Рысқұлов ауданы – Құлан ауылы, Меркі ауданы – Меркі ауылы, Талас ауданы – Қаратау қаласы, Сарысу ауданы – Жаңатас қаласы, Қордай ауданы – Қордай ауылы.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керекТЖМ 10 негізгі ережені еске салды:
сабыр сақтап, үрейге бой алдырмау; дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбау; жиһаздан, терезеден, люстрадан алыс тұру; берік паналау орнын табу (жоғарғы қабатта болсаңыз, жүк көтергіш қабырғалардың бұрышына тұру); дүмпулер тоқтағаннан кейін ғимараттан шығу; су, газ, электрді өшіру; алдын ала дайындалған «дабыл сөмкесін» алу; электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алыс болу; қайталама дүмпулерге дайын болу; қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесу.Жамбыл облыстық ТЖД-де «жедел желі» телефондары жұмыс істейді: 8 (7262) 51-35-75, 51-41-67.
Айта кетейік, 31 наурызда Жетісу облысында да 2 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Сол күні Жаркент қаласының тұрғындары жерасты дүмпулерін екі рет сезген.