• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теннис Бүгін, 13:53

Юлия Путинцева Чарльстонда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті

20 рет
көрсетілді

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз жұптық сында Италия теннисшісі Элизабетта Коччареттомен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалда олар Грузия өкілі Екатерина Горгодзе мен Мексика спортшысы Рената Сарасуадан құралған жұпты үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңді. Қорытынды есеп - 3:6, 7:5, 10:7.

Юлия Путинцева маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Финалға жолдама алу үшін Путинцева мен Коччаретто америкалық Кэтти Макнелли және Дезире Кравчикпен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар