Алматы орталығында өтіп бара жатқан адамдарға тас лақтырып, дөрекілік көрсеткен жасөспірімдердің жеке тұлғалары анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан жасөспірімдердің бір қызды басынан ұрғаны көрінеді. Сондай-ақ олар өтіп бара жатқан адамдарға тас лақтырып, су шашқаны және кейбірінің заттарын тартып алған.
Құқық бұзушылардың кім екені анықталып, олар полиция бөлімшесіне жеткізілген.
Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда
Ведомствоның мәліметінше, жасөспірімдер – Тәжікстан азаматтары. Кәмелетке толмағандар қазір арнайы бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар аталған тұлғаларға қатысты көші-қон заңнамасы аясында ел аумағынан шығару шаралары қарастырылып жатыр.
Пранк жасаймын деп қоғамдық тәртіпті бұзатындар көбейіп кетті - Нартай Аралбайұлы
Қазір полиция оқиғаны жан-жақты тексеріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша жасөспірімдердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.