• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:22

Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды

30 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында «Harmony Rider Technology» (HRT) қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткен және қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастырған тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты. Істі Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2024 жылы бір топ тұлға өздерін «шетелден электросамокаттар сатып алып, оны жалға беретін халықаралық компания» ретінде таныстырған. Шын мәнінде, салымшыларға уәде етілген табыс тек жаңадан келген адамдардың ақшасы есебінен төленіп отырған.

10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды

Пирамидаға адам тарту үшін әлеуметтік желілерде жарнама жасалып, Ақтөбеде кеңсе жалданып, офлайн кездесулер мен таныстырылымдар өткізілген.

Салым көлемі: 350-ден 20 000 долларға дейін; Уәде етілген табыс: тәулігіне 12-ден 690 долларға дейін; Зардап шеккендер: 115 салымшы; Жалпы шығын: 197 миллион теңгеден астам.

Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты

Қылмыстық топ қаражатты криптоәмияндар арқылы айналымға шығарып, кейін банк шоттарына аударған. Заңсыз табылған ақшаға 3 автокөлік сатып алынып, оның біреуі туысының атына рәсімделген.

Сот үкімімен ұйымдастырушылар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекет пайдасына 3 автокөлік тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар