• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Сауда Бүгін, 15:26

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық көрсеткішке жетті

20 рет
көрсетілді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Қытайға экспорт – ШЫҰ іріктеуі» форумына қатысты. Бұл алаң қазақстандық экспортты Қытай нарығына ілгерілетудің негізгі тетіктерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.

Министр Қазақстан Қытайды стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын және сауда, инвестиция және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Бұл тауар айналымының тұрақты өсімімен, инвестициялық ынтымақтастықтың кеңеюімен және өнеркәсіптік кооперацияның тереңдеуімен айқын көрінеді.

Қазақстан мен Қытай контейнерлік пойыздар санын арттыруға келісті

«Қазір Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Ал Қазақстан Қытай экономикасы үшін энергетикалық ресурстардың, ауыл шаруашылығы өнімдерінің және шикізаттың сенімді жеткізушісі болып қала береді. Соңғы үш жылда екіжақты тауар айналымы тұрақты әрі қарқынды өсім көрсетіп келеді: 2023 жылғы 41 млрд доллардан 2025 жылы 48,7 млрд долларға дейін артты. Бұл көрсеткіштердің артында екі ел экономикасының өзара толықтырушы сипаты, кәсіпорындардың прагматикалық жұмысы, сондай-ақ Қытайдың Шаньдун провинциясы сияқты дамыған өңірлерінің қолдауы тұр», деді министр Арман Шаққалиев.

Орталық Азия елдерінің Қытай капиталына тәуелділігі: Қазақстан ең төменгі көрсеткішке ие

Оның айтуынша, «Қытайға экспорт» платформасы бизнеске тікелей байланыс орнатуға және Шаньдун провинциясы мен жалпы Қытай нарығына шығуға тиімді мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар