• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 13:32

Полицейдің жағы сынған: Атырау облысында жанжал шығарған бір топ азамат сотталды

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейтілді. Бас прокуратураның бастамасымен сот шешімі қайта қаралып, сотталғандардың жазасы бостандығын шектеуден нақты бас бостандығынан айыруға өзгертілді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға Атырау облысында тіркелген. Бір топ азамат қоғамдық орында спирттік ішімдік ішіп, жанжал шығарған. Тәртіп бұзушыларды тоқтату үшін оқиға орнына полиция қызметкері шақыртылған. Алайда құқық бұзушылар полицияның заңды талаптарына бағынбай, оған күш көрсеткен.

Жанжал барысында олар ағаш зат пен тастарды пайдаланып, полиция қызметкеріне ауыр дене жарақатын салған, көзіне зақым келіп, жағы сынған. Бұл – қызметтік міндетін орындап жүрген адамға жасалған ауыр шабуыл.

Батыс Қазақстан облысында полицияға бағынбаған бір топ азамат ұсталды

Сот бастапқыда айыпталушыларға бостандықты шектеу түріндегі жаза тағайындаған. Алайда Бас прокуратура бұл шешімді жасалған қылмыстың ауырлығына сай емес деп тауып, кассациялық наразылық енгізді.

Нәтижесінде сот шешімі қайта қаралып, айыпталушыларға нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл шешім құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызын айқын көрсетті.

Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар 10-15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бас прокуратура атап өткендей, мұндай істерде жазаның бұлтартпастығы принципі сақталуы тиіс. Себебі қызметтік міндетін атқарып жүрген тұлғаларға қарсы күш қолдану құқықтық мемлекет қағидаттарына қайшы келеді.

Өскеменде патрульдік полицияға шабуыл жасалды

Соңғы жаңалықтар