Қарағанды облысы Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы із-түссіз жоғалып кетті. Ішкі істер министрлігі жасөспірімді іздеу жұмыстары басталғанын хабарлап, көрген-білгендерді хабар беруге шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Ол 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.
Үйден шыққанда оның үстінде қара күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар және жасыл аяқ киім болған.
Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар Жамбыл облысынан табылды
Ал бойы шамамен 150–155 см, дене бітімі – орташа.
Қазір полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Блогер Ильяр Ювашевқа іздеу жарияланды
Құзырлы орган жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса 8-707-444-07-74, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарлауды сұрайды.