Әлемдік Comex биржасында алтын фьючерстері 6%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта алтынның бір унциясы 4 200 доллар төңірегінде саудалануда. Бұл – соңғы 4 айдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар күміс пен платина бағасы бірден 9%-ға арзандады.
20 күнде 4,2 млрд доллар табыс: Алтын бағасының өсуі ел резервіне қалай әсер етті?
Сарапшылардың пікірінше, наурыз айының ортасында басталған бұл құлдырауға АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыстың ушығуы себеп болған.
Алтын бағасы рекорд жаңартты: Қазақстандағы ахуал қандай?
Мамандар баға белгіленімдерінің алдағы жағдайы Ормұз бұғазындағы ахуалға және тауар жеткізу тізбегінің тұрақтылығына тікелей байланысты екенін айтады.