Қарағанды облысының полиция департаменті Шахтинск қаласында пәтерді қасақана өртеді деген күдікке ілінген ер адамның ұсталу сәтінен бейнекадрларды жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 40 жастағы азамат өрт шығару мақсатында газ баллонын әдейі ашқан. Соның салдарынан газ жарылып, жалын жиһаз бен тұрмыстық заттарды шарпыған.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнына жеткен полицейлер бірден тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен. Сол сәтте күдікті олардың әрекетін байқап, газды қасақана жіберіп, от қойған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өмірлерін қатерге тігіп, күдіктіні ұстау операциясын соңына дейін жеткізген.
Шахтинскіде көпқабатты үйде газ жарылды: 8 адам зардап шекті
Оқиға салдарынан сегіз адам зардап шекті, олардың бесеуі – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір күдікті күзетпен арнайы палатада жатыр. Сауығып шыққаннан кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынады.