• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:15

Батыс Қазақстан облысында 43 отбасы баспаналы болды

0 рет
көрсетілді

Наурыз мейрамына орай Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік осал топтағы 43 отбасы баспаналы болды деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа пәтерлер Орал қаласының жаңадан құрылып жатқан Ақжайық шағынауданында орналасқан. Кейінгі жылдары бұл жерде көптеген әлеуметтік нысан бой көтеріп, әсіресе тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Болашақта бұл ауданда 70 мыңға дейін тұрғын болады деп жоспарланған.

Жаңа қоныс иелерін аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

«Өңір халқын баспанамен қамту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. 2023 жылдан бері облыста тұрғын үй құрылысына 63 млрд теңге бөлініп, 3 698 пәтер пайдалануға берілді. Кейінгі 3 жылда аудан орталықтарын қоспағанда тек ауылдарда 1 733 отбасы баспаналы болды. Жаңа баспана – әр отбасы үшін үлкен қуаныш, жаңа өмірдің бастауы. Бұл үйлер сіздерге тек жайлы мекен емес, берекелі шаңырақ болсын!», деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Орал қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 27 мыңнан астам азамат тіркелген. Биыл әлеуметтік осал топтарға 200 пәтер, сондай-ақ несиелік негізде 1 000 пәтерді беру жоспарланды. Қазіргі уақытта 370 пәтерді қамтитын 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұл пәтерлерді кезекте тұрған азаматтарға беру үшін конкурс рәсімдері жүргізілуде. Бұдан бөлек 248 пәтерді қамтитын тағы 2 көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары бітті.

Нариман Төреғалиев өз сөзінде Орал қаласын көгалдандыру және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мән-маңызына тоқталып өтті.

«Жер аяғы кеңіген соң тал-терек отырғызып, көп болып, көгалдандыру жұмысын қолға аламыз. Былтыр біздің өңір елді мекендерінде 242 мың дана ағаш егілді. Биыл мемлекеттік орман қоры аумағында 8,8 млн дана ағаш-бұтақ көшетін отырғызу жоспарланған. Мұның бәрі табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Дегенмен, Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын сенбіліктер өткізумен шектелетін бір-екі айлық науқан емес, қоғамдық мәдениеттің жарқын көрінісі деп қабылдағанымыз абзал», деді облыс әкімі.

50 отбасы баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар