• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Күрес Кеше

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды

10 рет
көрсетілді

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионатында 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тараз қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U15 және U23 Қазақстан чемпионаты жалғасын табуда.

Бүгін, 23 жасқа дейінгі ерлер арасында еркін күрестен 125 кг салмақта жеңімпаздар анықталды.

Әлем чемпионы және Азия чемпионы Ризабек Айтмұхан бұл жолғы ел чемпионатында жаңа салмақта бақ сынады.

Қорытындысында, Ризабек ақтық сында Әлімжан Сәлімжанды мерзімінен бұрын жеңіп, 125 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Тбилиси қаласында (Грузия) дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті турнирі өтетінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар