• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 17:42

«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті

20 рет
көрсетілді

Бүгін Астанадағы «MEGA Silk Way» СОО орталығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Ұлттық киім» шеруін ұйымдастырды. Ұлттық мәдениетті ұлықтауға арналған іс-шара Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай өткізілді, деп жазады Egemen.kz.

«Ұлттық киім – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамын, дүниетанымын, болмыс-бітімін айшықтайтын асыл мұра. Киім үлгілеріндегі ою-өрнек, зергерлік әшекей, кесте мен бедер қазақ халқының рухани байлығы мен мәдени болмысынан сыр шертеді. Іс-шараның басты мақсаты – осы құндылықтарды кеңінен насихаттап, ұлттық киім үлгілерін заман талабына сай жаңғырту және оларды күнделікті сән кеңістігінде дәріптеу», дейді «Abai TV» телеарнасының директоры Азамат Кеңесұлы.

Наурызнама нақышы: салтқа берік сарбаздар

Мерекелік бағдарлама ұлттық және заманауи этно музыкамен басталып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Іс-шарада «Сарайшық» этноансамблі музыкалық попурри орындап, мультиинструменталист Еділ Құсайынов этно әуендерімен кештің көркін аша түсті. Сондай-ақ дәстүрлі ән өнерінің өкілдері Айгүл Елшібаева мен Жазгүл Даңылбаева сахнада өнер көрсетті.

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Ал ұлттық киімдер шеруінде отандық дизайнерлер, әншілер, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушілері Нұрбек Бекбау, Армангүл Тоқтамұрат,  Ирина Тен, Бексұлтан Әкімжан, сондай-ақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлері мен қала тұрғындары белсене қатысты. Үкілі кәмшат пен бүрмелі көйлек киген арулар, ақ кимешекті әжелер мен шапан жамылған жігіттерден құралған 230 адамдық топ сауда орталығын аралап, халық әндерін шырқады.

Елордадағы ең үлкен сауда ойын-сауық орталығында өткен мерекелік іс-шарада «Ұмай ана» коллекциясы, «Әдемі-ай», «Жарас» сән клубы, «Құралай», «Хан», «Назим», «Дәстүр», «Асах», «Қазақ ордасы» сынды сән орталықтарының ұлттық үлгідегі киімдері көпшілік назарына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар