• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:27

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

10 рет
көрсетілді

Бүгін Астанадағы Сейфуллин көшесінде автобус аялдамаға соғылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.»

Оқиға № 10 емхана маңында болды. Автобус жүргізушісі аялдамаға тоқтау кезінде рөлді басқара алмай, жол жиегіндегі конструкцияға соғылған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астанада автобус апаты неге жиіледі?

Полицияның айтуынша, мұндай жағдайлар көбінесе техникалық ақаулар немесе жүргізушінің жолда абайсыз әрекеттерінен туындайды. Көлік жүргізушілеріне жылдамдықты бақылау және аялдамаға жақындағанда қосымша сақтық шараларын қолдану ұсынылады. 

Жамбыл облысында орындықтарды алып тастап адам тасыған автобус анықталды

Соңғы жаңалықтар