• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 16:33

Digital Qazaqstan форумы алғаш рет Шымкентте өтеді

10 рет
көрсетілді

Биыл Digital Almaty форумы жаңа деңгейге шығып, Digital Qazaqstan атауымен еліміздің басты ұлттық технологиялық форумы ретінде бекітілді. Бұл алаң Қазақстанның барлық өңірін біріктіріп, цифрлық бастамалар, IT-компаниялар, өнеркәсіптік тапсырыс берушілер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Digital Qazaqstan форумы алғаш рет 27 наурыз күні еліміздің маңызды индустриялық және экономикалық орталықтарының бірі Шымкент қаласында өтеді.

2026 жылдан бастап Digital Qazaqstan форумы жыл сайын Қазақстанның әртүрлі қалаларында ұйымдастырылып, ұлттық деңгейдегі технологиялық және цифрлық даму экожүйесін қалыптастырады. Форумның Шымкентте өтуі нақты секторды цифрландыру, өнеркәсіпте жасанды интеллектіні енгізу және өңірлер мен ұлттық технологиялық экожүйе арасындағы байланысты күшейту мәселелерін терең талқылауға мүмкіндік береді.

Digital Qazaqstan: Энергетика инфрақұрылымы онлайн жүйеге біріктірілді

Digital Qazaqstan 2026 форумының негізгі тақырыбы Industry 5.0 төңірегінде болмақ. Атап айтқанда, Industry 5.0 тұжырымдамасы адам мен технологияның үйлесімді өзара әрекетіне негізделген. Бұл бағытта жасанды интеллект, деректер және робототехника адам әлеуетін арттыруға, экономиканың тиімділігін көтеруге және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге қызмет етеді. Форум аясында мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, халықаралық корпорациялардың, инвесторлардың, технологиялық компаниялардың, стартаптардың және сарапшылар қауымдастығының қатысуымен экономиканың негізгі салаларына цифрлық және AI-шешімдерді енгізудің практикалық жолдары талқыланады деп жоспарланып отыр.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Форумның іскерлік бағдарламасы аясында пленарлық отырыс, салалық панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер, IT-компаниялар мен стартаптардың көрмесі, технологиялық байқаулар мен жарыстар, хакатондар, сондай-ақ цифрлық және технологиялық трансформация саласындағы үздік ұлттық және өңірлік тәжірибелерді марапаттауға арналған Digital Qazaqstan Awards салтанатты рәсімі өтеді.

Digital Qazaqstan: Технологиялық дербестік пен цифрлық өрлеу жолы

Соңғы жаңалықтар