Наурыз мейрамы кезеңінде халықтың теміржол тасымалдарына деген жоғары сұранысын өтеу мақсатында сұранысқа ие бағыттарға қосымша пойыздар қосылады, деп жазады Egemen.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 22 рейске 3 қосымша пойыз қосылады:
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»; №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент»; №205/206 «Ақтөбе – Нұрлы жол».Астанадан Семейге қатынайтын пойыздарға жаңа вагондар қосылады
Сонымен қатар жолаушылар саны көп бағыттар бойынша қолданыстағы пойыздарға қосымша 230 тіркемелі вагон қосылған.
«Қала маңы тасымалдары желісі бойынша Астана – Павлодар, Шу – Тараз, Астана – Атбасар, Астана – Курорт-Бурабай, сондай-ақ Қарағанды – Балқаш бағыттары бойынша 11 қосымша рейс ұйымдастырылды және Қарағанды – Балқаш бағытына 6 тіркемелі вагон қосу қарастырылған», делінген министрлік таратқан хабарламада.
Аязды күні жолда қалған 390 адам пойызбен тасымалданды
Жалпы Наурыз мейрамы күндері жолаушылар үшін қосымша шамамен 45 мың орын ұсынылады.