Алматы қаласында қылмыстық іс аясында қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды. Тергеу органдары оны жалған ақпарат тарату және заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру дерегі бойынша күдікті деп танып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128-131-баптарына сәйкес тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қолға түскен. Ол әлеуметтік желілерде қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесу және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлау фактілері туралы бейнематериалдар жариялаған.
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған әрекеттер қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әдейі ұйымдастырылған. Сонымен қатар күдікті осы құқықбұзушылықтарды өзі ұйымдастырып, қаржыландырғаны анықталған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы ұсыну арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген деген күдік бар.
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Бұдан бөлек, Санжар Бокаев аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке де ілініп отыр.
Нанға жасырылған сәлемдеме: Өскеменде түзеу мекемесіне телефонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.