Жедел іс-шаралар барысында полицейлер синтетикалық есірткі өндірілетін жасырын зертхананы анықтаған. Нәтижесінде прекурсорларды жеткізу арнасы тоқтатылып, мефедронның 8 мың дозасының таралуына жол берілмеді, деп жазады Egemen.kz.
Химиялық заттар Шымкент қаласындағы қоймадан Жетісу облысына жеткізіліп отырған. Аталған зертхананы 2 ер адам ұйымдастырған.
Әкесі ұлына есірткі жасауды үйреткен: Ақмола облысында ірі зертхана жойылды
1 тоннадан астам прекурсор және шамамен 4,5 келі дайын мефедрон тәркіленді. Бұл – шамамен 8 мың бір реттік дозаға тең. Сонымен қатар есірткі дайындауға арналған арнайы құрал-жабдықтар да алынған.
«Тергеу мәліметінше, күдіктілер есірткіні тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де таратуды жоспарлаған. Қазір олар қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.
Ақтөбе облысында есірткі бизнесін жүргізгендер 17 жылға сотталды