• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:52

Қазақстанда жеке тұлғалардың айыппұлы кешірілуі мүмкін

10 рет
көрсетілді

Елімізде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады. Бұл туралы кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиында айтты. Ал бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ішкі істер және Әділет министрліктеріне Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқық бұзушылық бойынша рақымшылық жасау туралы бастама көтеріп отырғанын атап өтті.

Елімізде алғаш рет әкімшілік істер бойынша рақымшылық жасалады

«Кеше Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасау туралы бастама көтерді. Әкімшілік істер бойынша рақымшылық туралы бастама ел тарихында алғаш рет көтеріліп отырғанын атап өтемін. Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізсін», деді Премьер-министр.

Министрлік мектеп бағдаламасын қалай өзгертпек?

Ал Ішкі істер министрі Ержан Саденов рақымшылық ауыр қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайтынын атап өтті.

Сонымен қатар қазақстандықтардың айыппұлдарын есептен шығару мүмкіндігі де қарастырылуы мүмкін.

Жеке тұлғалардың төленбеген айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесін қарастыру жоспарланып отыр. Мұндай тұлғалардың санаттары, айыппұлдардың көлемі және оларды есептен шығару тәртібі заң жобасын дайындау кезінде уәкілетті орган тарапынан жан-жақты пысықталмақ. 

Әділет министрі: 5 дербес конституциялық заңды әзірлеу басталды

Соңғы жаңалықтар