Ақтөбе облысында интернет арқылы есірткі саудасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесіліп, оның мүшелері ұзақ мерзімге сотталды. Үйлесімді жүргізілген жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде ел аумағына таралған ірі заңсыз желі толық әшкереленді, деп жазады Egemen.kz.
Ақтөбе облысының прокуратурасы Полиция департаменті және Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, интернет алаңдары арқылы психотроптық заттарды таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Тергеу барысында қылмыстық схема жүйелі түрде құрылғаны анықталды. Ол «Telegram» мессенджері арқылы «контактісіз сату» тәсілімен жүзеге асқан.
Қылмыскерлер тапсырыстарды қашықтан қабылдап, төлемдерді «дропперлер» деп аталатын тұлғалардың банктік карталары арқылы жүргізіп отырған. Бұл тәсіл олардың ұзақ уақыт бойы заңсыз әрекеттерін жасыруына мүмкіндік берген.
Әкесі ұлына есірткі жасауды үйреткен: Ақмола облысында ірі зертхана жойылды
Жедел-тергеу шаралары мен қаржы қозғалысын талдау нәтижесінде топ мүшелері Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында анықталып, ұсталды. Барлығы алты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Заңсыз айналымнан 10 килограмнан астам психотроптық зат тәркіленді.
Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді
Аталған дерек бойынша өткен жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысының арнайы прокурорлары «Qymyz shop» интернет-дүкені арқылы есірткі таратқан топқа қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдаған еді. 2026 жылғы 17 наурызда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарып, топтың алты мүшесін кінәлі деп таныды. Оларға 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Семейде ЖИ көмегімен жалған сурет жасаған тұрғын жауапқа тартылды
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жыл басынан бері өңірде есірткі қылмысына қарсы күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, еріктілер мен колледж студенттерінің қатысуымен интернет-есірткі дүкендерін жарнамалайтын 20-дан астам граффити анықталып, жойылды. Осы деректер бойынша екі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.