Жаңа Конституцияның нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Астана мен Алатау қаласы үшін ерекше құқықтық режимді айқындайтын заң жобалары әзірленді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң жобалары Алатау үшін «қарқынды даму қаласының» режимін енгізеді және қалалық ортаның сапасын арттыру үшін Астана мәртебесін нақтылайды. Алатау қаласында озық халықаралық стандарттарды енгізу, пилотсыз көлік пен цифрлық активтерді дамыту жоспарланып отыр.
Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін қорғау күшейтіледі
Елорда үшін қала құрылысы, көші-қон және көлік салаларында басқарудың ерекше тетіктерін енгізу көзделген. Екі құжат та инвестиция тартуға және жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Аида Балаева: Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады
«Алатау қаласы бойынша заң жобасы салық салудың ерекше режимін қолдануды және инвестицияларды қорғауды көздейді. Астана бойынша, біз елорданың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басқару ерекшеліктерін бекітеміз. Алатау бойынша Парламентте екінші оқылым 27 наурызға жоспарланған, ал елорда мәртебесі бойынша заң жобасы осы жылдың сәуір айының соңына дейін Мәжіліске енгізіледі», деді Серік Жұманғарин.
Жаңа буын оқулықтары кезең-кезеңімен енгізіледі