Биыл 3 335 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері релімізге 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ қоныс аударған, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 47,8%-ы – Қытайдан, 43,6%-ы – Өзбекстаннан, 2,7%-ы – Түрікменстаннан, 2%-ы – Ресейден, 2,2%-ы – Моңғолиядан және 1,7-ы – басқа елдерден келген.
Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары анықталған.
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Бұл өңірлерінде 2026 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы – 2 281 адамды құрайды. 2026 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша аталған өңірлерге – 569 қандас қоныстанды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
Отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (302,8 мың теңге) мөлшерінде төлем; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге бір жыл ішінде 15-30 АЕК (64,9-ден 129,8 мың теңгеге дейін) мөлшерінде төлем беріледі.Шымкент қандастар үшін жаңа өзгеріс жасады
Айта кетейік, жыл басынан бері 139 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп,108 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.