• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ата заң Кеше

Қытай Сыртқы істер министрлігі Қазақстанды жаңа Конституция бойынша өткен референдуммен құттықтады

10 рет
көрсетілді

Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумды сәтті өткен маңызды саяси оқиға ретінде бағалап, елді құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Global Times басылымының хабарлауынша, бұл туралы 16 наурызда өткен брифингте Қытай СІМ-нің ресми өкілі Линь Цзянь мәлімдеді. Баспасөз конференциясы барысында Қытайдың Орталық телевидениесінің журналисі 15 наурызда Қазақстанда өткен жалпыхалықтық референдумға Қытай тарапының бағасы туралы сұрақ қойған.

Линь Цзянь Қазақстан референдумды сәтті өткізгенін атап өтіп, Қытай тарапы осыған байланысты құттықтауын білдіретінін айтты. Оның сөзінше, Қытай достас көрші және жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қоғамдық өркендеуді сақтап отырғанын қуанышпен қабылдайды.

Сонымен қатар ол Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен Қазақстан мемлекеттік құрылыста жаңа елеулі жетістіктерге қол жеткізетініне сенімді екенін жеткізді. Сондай-ақ «Әділетті Қазақстан» құру мақсаты табысты жүзеге асатынына сенім білдірілді.

Қытай СІМ өкілі Қытай Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беретінін айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, қазақ-қытай серіктестігін жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін атап өтті.

Референдумның алдын ала нәтижелері жарияланды

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысына республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсіп жатқанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар